Актриса Динара Әлжанның сұхбатынан кейін Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әлеуметтік желіге жазба қалдырды деп хабарлады turkystan.kz.
«Шындық шырылдап жетемін дегенше,
Өтірік талай жерді өртейді» – деп жазды экс-әкім.
Естеріңізге сала кетсек, Динара Әлжан Youtube-тегі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында сұхбат берді. Әңгіме барысында ол Шымкенттегі тойлардың бірінде Әбдірахымовпен танысып, би билегенін айтқан. Динара Әлжан экс-әкім оған үй сатып алуға 70 мың доллар және 20 мың доллар тұратын сырға сыйлағанын мәлімдеді.
https://turkystan.kz/article/218585-70-myn-dollar-shymkenttin-eks-ekimi-shuga-katysty-pikir-bildirdi/