Айта кетейік, парламент отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылдады.
“Мен сіңлілеріме “бізді қорғайтын заң қабылданбайынша тұрмысқа шықпаңыздар” деп айтуға мәжбүр болып едім. Ақыры жанайқайымыз жоғарыға жетті-ау! Президент қол қойса күшіне енбек. Бұл заңның құны қымбат болды біз үшін. 7 жылға жалғасқан күрес, төгілген көлдей көз жас, үздіксіз үндеу. 4 жарым жылда зомбылықтан қаза тапқан 869 әйел… Тұрмыстық зорлық-зомбылық ұлттық трагедияға айналды. Салтанттың өлімінен кейін, саяси сең қозғалды. Әйелдер, қыздар қорлық көріп, құрбан болмауы керек!”, – деп жазды журналист.
- «Кісенді шешіп, өзі қанды ішті ме деген»: Бишімбаевты ұстау кезіндегі полицейлердің әрекетін ішкі істер министрлігі тексереді
- «Өздеріңе 1 тал гүл сыйлаңдар!»: Роза Әшірбаева әйелдер құқығын қорғайтын заңның қабылданғанын айтып, көз жасын тыя алмады
Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, жаңа заң туралы ойын бөлісті. Бірі қолдаса, енді бірі “әйелдер құтыратын болды” дегенді алға тартты.
“Еркектің бәрі тиран емес. Сүмелек Салтанаттың өлімі себеп болып отыр”, “Әйелдер құтыратын болды, еркектердің төбесінде ойнап”, “Қатын басқарған көш оңдайды”, “Осы заң үшін Салтанаттың өлуі керек болған өкінішті”, “Тілді де тыйыңдар”, “Еркектерді қорлап жүріңдер, сосын күлге аунап туыңдар”, “Еркектен таяқ жеу қазақ әйелдеріне қалыпты болып кетіпті”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екінші оқылымда мақұлданды.
https://stan.kz/7-zhilga-zhalgaskan-kures-dina-tolepbergen-ayelderge-ka-398418/