«7-20-25»: Банктерге зейнетақы қорынан 200 миллиард теңге бөлінбек

Банктер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатына телмірді. Екінші деңгейлі қаржы ұйымдарына мемлекет тағы жәрдем бермек деп хабарлайды КТК арнасы.

Еліміздің банктері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 200 миллиард теңгесіне ие болады.

Одан бөлек, «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру үшін екінші деңгейлі банктерге тағы 200 млрд теңге бөлінеді.

Бұл ақша елді ипотекалық несиелендіруге жұмсалатын болады. Болашақта аталмыш ақша 1 триллион теңгеге дейін өседі деп болжануда.

Соның арқасында банктер ипотекалық несиелендіру көлемін 2 триллионға дейін арттыру мүмкіндігіне ие болады екен.

«Тұтастай алғанда, банк секторының тұрақтылығын арттыру бағдарламасы, «7-20-25» бағдарламасы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының облигациялық бағдарламасы шеңберіндегі жаңа қарыздарды қосқанда, банктердегі ұзақ қордың жалпы сомасы алдағы бір жарым-екі жылда 3,5 триллион теңгеге ұлғаяды», — дейді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

nur.kz

Comments (0)
Add Comment