7-20-25 бағдарламасының шарттары өзгерді

Өзгертулер мен толықтырулар Ұлттық Банктің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі №59 Басқарма қаулысымен енгізіледі.
Атап айтқанда:
• Астана мен Алматы қалаларында және олардың маңындағы елді мекендерде, сондай-ақ Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны 25 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін көтеріледі;
• Қарағанды қаласында – 20 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін;
• Басқа өңірлерде – 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін арттыру көзделген;
• Қарыз алушыларға төлем қабілеттілігін растау үшін тең қарыз алушыны ғана емес, кепілгерді де тартуға мүмкіндік беріледі.
Қаулыға сәйкес, кредиттік өтінімді қарау барысында қарыз алушының кірісінің тұрақты болуы негізгі шарттардың бірі болып саналады.
Аталған нормалар тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру және ипотекалық қарыздарды беру тетіктерін икемдірек ету мақсатында енгізіліп отыр.
Comments (0)
Add Comment