67 млн теңгені жымқырған: Шымкентте мектептің бас есепшісі күдікке ілінді

Шымкентте мектептің бас есепшісі 67 млн теңгені қолды қылды деген күдік бар. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілдері мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Бас есепші мектеп директорының цифрлы қолтаңбасын пайдаланған. Ал директор электронды құжатты өзі қолдана алмай, оны бас есепшіге жүктеп қойған. Мұны қарамағындағы қызметкері өз пайдасына жаратып, үш жыл бойы қазына қаражатын жымқырып келген. «Антикор» енді мемлекеттік органдарға сырттан талдау жүргізуді бастады. Нысанаға Шымкент қаласының білім басқармасы ілікті. Себебі жыл басынан бері басқармада 13 қылмыстық іс тіркелді. Яғни білімге жауапты қаланың бас мекемесі антирейтингті бастап тұр.

 «Білім саласында Алматы облысында, Шымкент қаласында Жетісу, Ақтөбе облыстарында қазір білім саласында қылмыс жасап жатқан фактілер анықталды. Агенттік нұсқауымен үлкен талдау басталды. Ол үшін топ құрылып, оның ішіне аудиторлар, білім саласының мамандары, құзіретті орган мамандары және департамент қызметкерлері кірген болатын», – деді ҚР СЖҚІҚ агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин.

https://turkystan.kz/article/221871-67-mln-tengeni-zhymkyrgan-shymkentte-mekteptin-bas-esepshisi-kudikke-ilindi/

Comments (0)
Add Comment