Тыйым салынған зат лақтырмақ болған тараздық қолға түсті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №25 мекемесі қызметкерлерінің қырағылығының арқасында тыйым салынған заттардың мекемеге ену дерігінің жолы кесілді.

Мекемеге жақын аумақта күдікті адамның жүргенін байқаған қызметкерлер дереу әрекет жасады. Осылайша олар күдік тудырған Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Ер азаматтан бірнеше дана смартфон табылып, тәркіленді.
Өкінішке қарай, қабылданған барлық профилактикалық іс-шараларға қарамастан, жазасын өтеушілердің туыстары, достары және басқа да адамдар сотталғандарға тыйым салынған заттарды лақтыру және енгізу әрекеттерін жалғастыруда. Өз кезегінде, ҚАЖ қызметкерлерінің қырағылығының арқасында мұндай әрекеттер дереу тоқтатылады.

Comments (0)
Add Comment