64 жастағы әйел өзіне шабуыл жасаған 20 келі жыланмен 2 сағат арпалысқан

64 жастағы Арром Арунрож бір жылдан бері жалғыз өмір сүріп келеді. Сол кеште ол жұмыстан оралып, кешкі ас ішіп, үйдің артындағы қант қамысы өсетін жерде ыдыс жууға шыққан. Арунрождың айтуынша, ол еңкейіп ыдыстарды жуып жатқанда, қатты ауырсынуды сезінген. Артына бұрылып қарағанда, ол алып жыланды көрген.

Қарт әйел питонды басынан ұстап, оны итеріп тастамақ болған, бірақ оны жеңе алмаған. Жылан оны бірнеше рет орап, қылқындырмақ болған. Әйел екі сағат бойы питонмен арпалысып, ақыры оның әлсіз көмек шақыруын естіп қалған көрші құтқарушыларды шақырған.

Оқиға орнына келген топ қараңғы, жабық үйге кіріп, 20 келілік питоннан әйелді босату үшін 30 минут жұмсаған. Арунрож тірі қалғанымен, қатты шаршап, әлсіреген. Оның денесінен бірнеше тіс ізі анықталды. Питондар улы болмаса да, олардың тістеген жаралары инфекция таратуы мүмкін.

Арром Арунрожға алғашқы көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол ауруханада қалпына келуде.

Бұған дейін Индонезияда 74 жастағы әйелге питон шабуыл жасағаны хабарланған еді. Куәгерлердің айтуынша, жылан әйелді иығына дейін жұтып, бірақ оны жұта алмай, ақыры тастап кеткен.

https://turkystan.kz/article/249059-64-zhastagy-iel-ozine-shabuyl-zhasagan-20-keli-zhylanmen-2-sagat-arpalyskan

Comments (0)
Add Comment