600 sim-картаны Ресейге алып өтпек болған азамат шекарада ұсталды

Ақтөбе облысында шекарадан қысқа хабарлама таратуға арналған құрылғы мен 600-ден аса sim-картаны заңсыз жолмен алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, «Әлімбет» автокөліктік өткізу пунктінде Ресей азаматының «Ауди» автокөлігін тінту жұмыстары жүргізілген.

«Тексеру кезінде қысқа хабарламаларды жалпылап таратуға, қабылдауға және белсендіруге арналған бағдарламалық-ақпараттық «Sim-box» кешені және 600-ден аса түрлі қазақстандық мобильді байланыс операторларының sim-карталары табылды», – делінген ақпаратта.

Comments (0)
Add Comment