6 айдан астам комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтар ауруханадан шығарылды

 

Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтар әлі қалпына келмесе де, ауруханадан шығарылған.

Дәрігерлер Ербаян Мұхтардың жағдайы мүшкіл екенін және кәсіби медицина қызметкерлерінің күтімін қажет ететінін айтады. Өйткені ол медициналық қызметкерлердің бақылауымен үнемі дәрі-дәрмек, антибиотиктер, дәрумендер алуы керек.

«Өміріне қауіп төніп тұр»: Заңгер алты ай комада жатқан сарбаздың анасын ауруханаға кіргізуге тыйым салғанын мәлімдеді

Сарбаздың туыстары жеке дәрігерлердің ақысын төлей алмай отыр.

Онымен қоса Ербаян Мұхтарға  мүгедектік тағайындалмаған, себебі сот процесі аяқталған жоқ. Жақындары оның жағдайы қауырт екенін дәлелдей алмай отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында әскери бөлімде жарақат алып, алты ай бойы комада жатқан сарбаздың анасы әділдік талап еткені туралы жазған едік. Содан кейін бас әскери прокуратура Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты мәлімдеме жасады.

https://stan.kz/6-aydan-astam-komada-zhatkan-sarbaz-erbayan-myhtar-auru-404947/

Comments (0)
Add Comment