«Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Оқу-ағарту министрлігі инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. Үш ауысымды, апатты мектептер мәселесін шешу үшін 132 мың орындық 154 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арқасында 1 қыркүйекке дейін 25 мың орындық 13 мектеп, сондай-ақ, жергілікті бюджет және жеке инвестициялар есебінен 30 мың орындық тағы 26 мектеп ашылады», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.