50,8 МЫҢ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ

Биылғы жылы аймақта 72,4 мың гектарға майлы дақылдар егілсе, оның 67,2 мың гектарына мақсары, 5,1 мың гектарына күнбағыс, 0,1 мың гектарына соя егілген болатын.
Бүгінгі күні 70,1 мың гектар майлы дақылдар жиналып, 50,8 мың тонна өнім алынды. Оның ішінде 67,2 мың гектар мақсары дақылынан 46,3 мың тонна өнім жиналса, 2,8 мың гектар күнбағыстан 4,4 мың тонна және 0,07 мың гектар соядан 0,10 мың тонна өнім жиналды.
Қазіргі уақытта күнбағыс пен соя дақылын жинау жұмыстары жалғасуда.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Comments (0)
Add Comment