«50 мың қол жинады»: Утильдік алым туралы петиция үкіметте қаралады

Фото: istock.com

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жаңа заңға сәйкес үкіметте қаралу үшін жеткілікті 50 000 қолды жиналған петиция өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қарауына жолданған.

Заңға сәйкес, өтініш келіп түскен сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі мерзім ішінде қаралады.


50 мың қол жиналса үкімет қарайды: Тоқаев петициялар туралы заңға қол қойды


“Петицияны қарау барысында өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комиссияның жұмысын ұйымдастырады, оған мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Петицияда көтерілетін мәселелер осы комиссия шеңберінде, заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандағы утиль алым мөлшерлемесін азайтуға өнеркәсіп министрлігі қарсы шыққаны туралы жазған едік.

https://stan.kz/news-400755/

Comments (0)
Add Comment