Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.
“28 маусым күні Алматы-Өскемен тас жолының 42 шақырымында бес көліктің қатысуымен жол апаты болғанын хабарлаймыз. Оқиға салдарынан Lada Granta жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды”, – делінген полиция хабарламасында.
Полиция департаменті жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және рұқсат етілген жылдамдықтан асырмауға шақырды.
https://stan.kz/news-402569/