Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ұйымдастыруымен 17 тамыз күні Меркі ауданы, «Тұран» демалыс аймағында облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің баспасөз хатшылары мен журналистеріне және блогерлеріне арналған «Ақпарат ағыны және біз» тақырыбында 1 күндік семинар-тренинг өтеді.
Онда ақпарат таратудағы сауаттылық, бүгінгі журналистиканың талаптары, ақпаратты тексеру (фактчекинг) сияқты тақырыптарда дәріс оқылып, семинарға қатысушыларға осы тақырыптар аясында түсіндіріледі.
Қатысушыларға дәріс оқитындар — «Мінбер» журналистерді қолдау орталығындағы жаңа медианы және дата журналистиканы зерттеу тобының жетекшісі, медиатренер Асхат Еркімбай және республикалық «El.kz» интернет жобасының жетекшісі, медиатренер Бэлла Орынбетова.