39 әйелі бар үндістандық қарияның үйінде 181 адам тұрады

Үндістанның Аиджал қаласында 181 адамнан құралған бүтін бір отбасы тұрады.

Зәулім үйде 73 жастағы Зиона есімді қария мен оның 39 әйелі, 94 баласы, 14 келіні мен 33 немересі өмір сүріп келеді. Отағасы үлкен, әрі тату жанұясын мақтан тұтады. Айтуынша, отбасындағы әр адам өз тірлігін өздері жасап күндерін көреді. Біреуі мал шаруашылығымен айналысса, біреуі бағбаншылықпен, ал балалары жиһаз жасап оны сатумен айналысады. Жұбайлары мен келіндері көбіне үй шаруасын атқарады.

Сангжвали, отбасы мүшесі:

– Күніне шамамен 60 келідей күріш жейміз. Керек-жарақтың бәрін өзіміз жасаймыз. Отынды да өзіміз дайындаймыз. Бір-бірімізбен өте татумыз.

24.kz

Comments (0)
Add Comment