35 млн теңге: Рыбакина 14 теннисшіге қаржылай қолдау көрсетті

2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы сыйақы қаржысының бір бөлігін қайырымдылыққа және Қазақстандағы жастарды қолдауға жұмсайтынына уәде берген еді деп хабарлады turkystan.kz.

ҚТФ баспасөз қызметінің мәліметінше, жуырда Қазақстанның бірінші ракеткасы жас қазақстандық теннисшілердің болашақта өзі сияқты топ-ойыншы болуы үшін қарқынды дамуына қаржы бөлді. Рыбакина кімге қолдау көрсету керектігін өзі таңдады. 14 ойыншы 2,5 млн теңгеден алды.

Қазақстандық және халықаралық ареналарда жеңіске жете бастаған қыздардың әрқайсысы өзінің теннистегі тарихын айтып, Еленаға хат жазды. Бастапқыда Еленадан бөлінген қаржы аздау еді, кейін Уимблдон жеңімпазы грант саны мен көлемін көбейтті.

«Турнир ұйымдастыру немесе жас ойыншылар үшін грант белгілеу дұрыс бола ма деп ойлаймын. Өйткені өзім де кезінде Қазақстаннан үлкен қолдау алдым. Енді жас ұрпақтың дамуына менің көмек көрсететін кезегім келді», – деп уәде беріп еді Рыбакина Уимблдондағы жеңісінен кейін және сол уәдесін орындады.

https://turkystan.kz/article/218108-35-mln-tenge-rybakina-14-tennisshige-karzhylay-koldau-korsetti/

Comments (0)
Add Comment