32 градусқа дейін ысиды: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

rabochy-put.ru

«Қазгидромет» РМК мамандары 11-13 мамыр аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Иран аймақтарынан келетін бұлт өрісі елдің батыс аймақтарын жаулап алады, соның әсерінен күн күркіреп, нөсер жаңбыр жауады.

«Бұршақ түсіп, температура төмендейді. Шығыс, солтүстік, орталық облыстарда найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.Температура біртіндеп максималды 22-27 градус жылыға дейін көтеріледі», — делінген хабарламада.

Оңтүстік және шығыс өңірлерде де құбылмалы ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел соғады.

Дегенмен, күндіз термометр бағаны бірте-бірте 20-32 градусқа дейін көтеріледі.

https://turkystan.kz/article/243228-32-gradus-a-deyin-ysidy-alda-y-sh-k-nge-arnal-an-aua-rayy-bolzhamy-zhariyalandy

Comments (0)
Add Comment