30 жамбылдық 1424 call-орталығына жемқорлық фактісі туралы хабар берген

Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев айтты.
Есепті кезеңде Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-center орталығына әртүрлі құқық бұзушылықтар туралы 768 азаматтың өтініші түскен, олардың ішінде 30 Жамбыл облысының аумағында жасалынған заң бұзушылықтарға қатысты.
«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу туралы қағидасына» сәйкес азаматтармен үнемі түрде жұмыстар жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарға, егер кінәлі адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, біржолғы ақшалай сыйақы төленеді. Осылайша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған – 18 адамға (2018ж. 12 айында – 13 азамат) жалпы соммасы 2,5 млн. теңгеге (2018ж. 12 айында – 1,7 млн. теңге) біржолғы ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу төленген.
Статистикалық ақпаратқа жүгінетін болсақ, жоғарыда көрсетілген 18 өтініш бойынша ҚР ҚК-нің төмендегі баптары бойыша қылмыстық істер қозғалған:
-361 б. (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) – 1;
-366 б. (пара алу) – 11;
-367 б. (пара беру) – 2;
-190 б. (алаяқтық) – 4.
Барлық тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректері бойынша, лауазымды адамдар әр түрлі қылмыстық жауаптылықтарға тартылған.

Comments (0)
Add Comment