Таразда үш ауысымды мектептер мәселесі шешілген

Елбасының биылғы «Қазақ­стан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын жақсарту» атты Қазақстан халқына Жолдауы бізді ерекше қанаттандырды. Президент мем­лекетімізде атқарылып жатқан бірқатар ауқымды бастамаларға тоқталып, оң бағасын берді.

Мұның бәрі де еліміздің даму, өркендеу жолында жақсы жұмыс атқарып келе жатқанын көрсетеді. Со­нымен қатар, Жолдау барысында елі­мізге берері көп игі бастамалар жайында көптеп айтылды. Жалпы, халықтың тұрмысын көтеруге, табыс пен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған Жолдауда білім мәселесіне ерекше көңіл бөлінгені бізді, мұғалімдер қауымын ерекше қуантты. Мұғалімдердің мәртебесін жоғары қоя отырып келесі жылға дайын­дық жұмыстарының жүргізілуі, мектеп­тер мен балабақшалардағы өмір қауіп­сіздігіне жүз пайыз бақылау жүргізу, сонымен қатар үш ауысымды мек­тептерді жою жөнінде және жастарды отансүйгіштікке баулу турасында мәселе көтерілгені өте орынды деп білемін. Жолдау арқылы қоғамның әрбір мүшесі алға ұмтыла отырып, халқы­­мызға қажетті жобаларды жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда қазақ қоғамында мұғалім мәртебесі туралы жиі мәселе көтеріледі. Ал мұғалім мәртебесінің, оның біліктілігінің бүгінгі жас ұрпаққа тигізер пайдасы орасан. Сонымен қатар Елбасы мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігін айтты. Келесі жылы «Пе­дагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау керектігін мәлімдеді. Мұның бәрі мұғалімдердің мәртебесін көтеруге арналған міндеттер деп санаймын. Бұл бастамалардың барлығы да бір адамды тәрбиелеу арқылы тұтас ұлтқа өнеге бола алатын мұғалімдерге деген ерекше қамқорлық.

Бүгінде мемлекеттің білім саласына деген қамқорлығы артып келеді. Сапалы білім алу арқылы бүгінгі жас­тар ертеңгі елеулі тұлғаға айналады. Ал сапалы білім алу үшін білім ошақтарының барлығы талапқа сай болуы керек. Бүгінде Тараз қаласы бойынша үш ауысымды мектептердің мәселесі шешілген. Биыл ғана қалада үш ауысымды мектептер жойылып, ағымдағы жылдың білім күні қарсаңында 900 және 1200 орындық екі мектеп пайдалануға берілді. Мұның бәрі Елбасының білім саласына деген ерекше қамқорлығының нәтижесінде мүмкін болып отыр. Алдағы уақытта осындай қолдауға ие болып отырған мұғалімдер қауымы Елбасы Жолдауында көрсетілген барлық жауапкершілікті сезіне отырып, сапалы білім беру мақсатында нәтижелі жұмыс істейді деп сенемін.

Мүбәрак ЖИНАҚБАЕВА, Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы

egemen.kz

Comments (0)
Add Comment