Мектепке дейінгі балаларды сапалы тәрбие және біліммен қамту – Мемлекет басшысының білім саласына жүктеген басты міндеттерінің бірі. ⠀
⠀
Бұл ретте ауданымызда 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту жұмыстары жүргізілуде. ⠀
⠀
Осыған орай, Кеңес ауылында жаңа балабақша бүлдіршіндер үшін есігін ашты. ⠀
⠀
Балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Нәрікбаев Нұрсұлтан Бақытжанұлы, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Алтынбаев Ахан Көктеубайұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Майра Егембердиева және ауыл тұрғындары қатысты.⠀
⠀
Нұрсұлтан Бақытжанұлы ауыл жұртын қуанышпен құттықтап, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі. ⠀
⠀
Сонымен қатар кеш қонақтары мен ауыл ақсақалдары да өздерінің ізгі тілектерін арнап, қуанышқа ортақтасқан ағайынға алғыстарын айтты. ⠀
⠀
Ары қарай салтанатты түрде лентасы кесіліп, көпшілік жаңа балабақшаны аралап танысты. ⠀
⠀
50 орынға арналған балабақшаны ауыл азаматы Әділет Тілеуімбетов өз қаражатына тұрғызған. Бұл шалғайдағы шағын ауылда жаңадан ашылған екінші балабақша. ⠀
⠀
Осымен Меркі ауданындағы мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетті. ⠀
⠀
Жалпы аудан бойынша мектептке дейінгі тәрбие мен білім беретін 39 мекеме бар. Оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 13-і жеке меншік балабақша болса, тағы 10 шағын орталық бүлдіршіндер үшін қызмет жасайды. ⠀
⠀
Балабақшаға алғашқы күнннен-ақ аяқ басқан бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ. Ән айтып, би билеп көңіл көтерген бүлдіршіндер өздерінің өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. ⠀
⠀
Ауыл халқының сұранысын орындап, көптің қалауынан шыққан кәсіпкерге ауыл ақсақалы Ақылжан Иманқұлов ақ батасын берді.