Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде төмен атмосфералық қысымның әсерінен жаңбыр жауып, күн күркірейді, екпінді жел тұрады.
Ал солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр және бұршақ жауады.
Күндіз ауа температурасы еліміздің шығысында +30+35℃ дейін, оңтүстігінде +38+43℃ дейін, оңтүстік-шығысында +31+37℃ дейін жоғарылайды.
Астанада бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9-14 м/с, ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз + 29…+31°C.
Алматыда бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел екпіні 15 м/с дейін, түнде температура + 19…+21°C, күндіз + 32…+34°C.
Шымкентте ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпіні 15-20 м/с дейін, ауа температурасы түнде + 19…+21°C, күндіз + 33…+35°C.
https://turkystan.kz/article/246244-23-shildege-arnalgan-aua-raiy-bolzhamy