23 қазан ел аумағында қар жауып, көктайғақ болады

Қазгидромет синоптиктері 23 қазан, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.

Солтүстік циклонның әсерінен және атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Осыған байланысты жауын-шашын жауады.

Елдің солтүстігінде қатты қар жауады, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады (қар, жаңбыр).

Көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.

https://turkystan.kz/article/201342-23-kazan-el-aumagynda-kar-zhauyp-koktaygak-bolady/

Comments (0)
Add Comment