«22 млн теңгені жеке мүддесіне пайдаланған»: Перизат Қайраттың тағы бір қылмысы әшкере болды

Су тасқыны кезінде қазақстандықтардың қайырымдылыққа жинаған 1 млрд теңгеден астам қаражатын өз қалтасына басты деген күдікпен тергеуде отырған блогер Перизат Қайраттың қылмыстық ісі 100 томнан асып кеткен, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында Қаржылық мониторинг Агенттігі Төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.

Елемесовтің сөзіне сенсек, Перизат Қайраттың ісі 2025 жылдың наурызында тергеліп бітеді деген болжам бар. Одан кейін тараптар қылмыстық іспен танысады. Ал ол қанша уақытқа созылатыны белгісіз.

«Жақын арада, болжам бойынша, наурызда қылмыстық істі тергеу аяқталады. Іс 100 томнан асты. Бұған дейін біз Перзат Қайраттың Палестинаға жинаған ақшаны, су тасқынына жинаған ақшаны өз мүддесіне жұмсағанын айтқамыз. Қаңтар айында оның ісіне жаңа эпизод қосылды. Ол мүмкіндігі шектеулі балаларға сауықтыру орталығын ашамын деген желеумен 22 млн теңгегі жеке мүддесіне пайдаланған. Жалпы, осы айтылған қайырымдылық шараларына ақша жинай отырып ол бірнеше пәтер, жер үй, қымбат көлік алғанын айтқамыз», — дейді ол.

Елемесов сөз соңында Перизат Қайраттың ісі бойынша басты күдікті өзі мен анасы екенін айтты. Анасы алаяқтыққа сыбайлас болып, қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастырды деген күдікке ілінген.

https://buginmedia.kz/1369/22-mln-te-geni-zheke-m-ddesine-paydalan-an-perizat-ayratty-ta-y-ylmysy-shkere-boldy?fbclid=IwY2xjawIjEItleHRuA2FlbQIxMQABHcuzL_tXtf6vXkCsqANeQu9KjqsvEVHSR6A1v-3ikP3VlHz9D77fInw3qw_aem_BMLPM-woWq9odjLaSIvC6A

Фото: әлеуметтік желіден
Comments (0)
Add Comment