22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктердің мәліметінше,ертең еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болады.

Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.

«Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +18+20 градус болады. Алматыда күн бұлтты, арасында қатты жаңбар жаууы ықтимал. Ауа температурасы түнде +9+11, күндіз +12+14 градус жылы болады», – делінген хабарламада.

 

https://turkystan.kz/article/233794-22-yrk-yekke-arnal-an-aua-rayy-bolzhamy

Comments (0)
Add Comment