Шымкентте 45 жастағы әйел 12 қабаттан секіріп, мерт болды. Қайғылы жағдай қала орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған.
Куәгерлердің айтуынша, әйел Иляев көшесіндегі 37-үйдің 12-қабатында біраз уақыт отырған. Кейіннен сағат 12.10-дар шамасында секіріп кеткен. Араға жеті минут салып, оқиға орнына жедел жәрдем көлігі жеткен. Полицейлер шақыртылды.
Көпқабатты үй тұрғындарының сөзінше, марқұм бұл үйде тұрмаған. Яғни, танымайтын болып шықты. Қазір оқиға орнында полицейлер куәгерлерден жауап алып, тергеу шараларын жүргізуде.
12-қабаттан құлаған әйелдің жасы 45-те болып шықты. Оның соңында қалған заттардың ішінен беймәлім сұйықтық құйылған канистр табылды.