2025 жылы кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды

Қазақстанда тағы бір қызметкерлер категориясының айлығы өседі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 2025 жылдан бастап 17 пайызға артады.

Ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы да 18 пайызға артты (биыл — редактор), 2025 жылғы қаңтардан бастап 17 пайызға өседі. Үкімет инвестицияларды ынталандыру және экономиканы әртараптандыру жөніндегі жоспарларды іске асыруды жалғастырады, — деді Нұрлан Байбазаров Үкіметте өткен брифингте.

Вице-премьер елімізде мұнай-газ химиясы, машина жасау, металлургия және агроөнеркәсіпте жоғары қайта бөлудің 17 ірі жобасы іске асырыла бастағанын айтты.

Экономикаға үлкен инвестициялар құйылуда. Биыл мемлекет басшысының ауқымды бастамаларын іске асыру аясында ғана (тұрғын үй құрылысы, өңірлерді газдандыру, ТКШ жаңғырту, көлік инфрақұрылымы) экономиканы қаржыландыру 2 триллион теңгеден асты, — деді ол.

Фото: gov.kz

https://malim.kz/article/ekonomika/2025-zyly-kimderdin-zalaqysy-osetini-belgili-boldy-26743?fbclid=IwY2xjawG6079leHRuA2FlbQIxMQABHbwFyGfNJ59N5TTTr_nrR3Anr906vfz3kDyWIFTjWgPRdluT_rczkIwdrQ_aem_Bf2aLGdUNoo9K1LaTTobFw

Comments (0)
Add Comment