2024 жылдың 1-жартыжылдығында әкімшілік әділет жұмысының оң нәтижелері туралы

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен жергіліктімемлекеттік органдармен және лауазымды тұлғалармен ӘРПК нормаларын түсіндіру жұмыстарының тұрақты түрде (дөңгелек үстел, семинар және т.б. кездесулер), халық арасында және заң қауымдастығына кеңінен жүргізілуіне, істердің кейбір бөлек санаттары бойынша сот тәжірибесінің қалыптасуына байланысты 2024 жылдың 6 айында (381 талап қою) талап қоюлардың түсу көрсеткіші өткен жылдың ұқсас кезеңімен (511 талап қою) салыстырғанда 130 талап қоюға немесе 25,4% кеміген.

Әсіресе жер және тұрғын үй даулары бойыншаәкімшілік органдармен жүргізілген кездесулердің нәтижесінде жер дауларына қатысты талап қоюлар 48,7 %, ал тұрғын үй даулары 13,6 % кеміген.

Аталған іс санаттары бойынша әкімшілік істер басым жағдайларда татуласумен немесе соттың белсенді рөлін жүзеге асыруына байланыстыдаудың өз шешімін табуына орай талап қоюшылардың арызы негізінде кері қайтарылады.  

Әкімшілік әділет институтының мақсаттары мен міндеттеріне, қағидаттарына сай жеке сот орындаушыларының, әкімшілік органдардың қызметін реттеу мақсатында тиісті шаралар қабылдануда, атап айтқанда жеке ұйғарымдар және ақшалай өндіріп алуды қолдану ұйғарымдары шығарылуда.

2024 жылдың 6 айында 812 240 теңге мөлшерінде лауазымды тұлғаларға (аудан әкімдері, мекеме басшылары) 11 ақшалай өндіріп алу қолданылды.

Ақшалай өндіріп алуды қолдану және жеке ұйғарымдардың шығарылуы оң нәтижесін беріп,әкімшілік органдармен, лауазымды тұлғалармен ӘРПК-де көзделген өтініштерді қарау тәртібін сақтаумен байланысты әкімшілік рәсімін жүргізу, соттың талабы мен сот актілерінің уақытылы және толық орындалуын тәртіпке келтірді.

Әкімшілік сотпен істерді жазбаша іс жүргізу тәртібімен қарау тәжірибесі қарқынды түрде жүргізілуде. Процеске қатысушылар мен соттың уақытының үнемделуі, қаржылық шығындардың азаюы, сот талқылауының болмауына байланысты тараптардың дауды жанжалсыз шешуі, сот отырысы залдарының жүкемесінің азаюы бұл іс жүргізудің басты артықшылықтары болып табылады.

Ағымдағы жылдың 6 айында жазбаша іс жүргізу тәртібімен 44 әкімшілік іс қаралған, өткен жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 33 құраған. Яғни өсім 25%.

Өз кезегінде, тараптардың істі жазбаша іс жүргізуде қарауға келісім беруі, сотқа деген сенімді білдіретінін көрсетеді.

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы     А.Джасузаков

Comments (0)
Add Comment