Үкімет басшысы тиісті қаулыға қол қойды.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады. Бұл туралы Үкімет қаулысы шықты.
Құжатқа сәйкес, 2023 жылы еңбек ету қабілетінен айырылған, сондай-ақ асыраушысынан айырылған жандарға тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері 8,5 пайызға артады.
«Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс», – деп жазылған қаулыда.
https://informburo.kz/kaz/newskaz/2023-zhyly-aeleumettik-toelemderding-moelsheri-artady?utm_source=smi24