Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысына қатысты.
Фракция отырысының күн тәртібінде партияның өңірлік Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында 2023 жылға белгіленген көрсеткіштердің орындалуы туралы мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудан әкімі Сәкен Мамытов партияның өңірлік сайлауды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында 2023 жылға белгіленген көрсеткіштердің ауданда орындалу барысы туралы баяндама жасады.
Фракция мүшелерімен атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Фракция отырысынан соң «AMANAT» партиясы аудандық филиалында аудан әкімі Сәкен Мамытов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауда азаматтар жер телімдерін алу, тұрғын үй, әлеуметтік көмек көрсету және өзге де жеке мәселелер бойынша жүгінді. Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған аудан басшысы азаматтардың барлық өтініштер мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, заңнама аясында түсінік беріп, кейбір мәселелер бойынша тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі