«200 граммның да рөлі бар». Айбек өзінен 22 келі ауыр өзбекпен айқас жайлы айтты

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Sport Plus телеарнасына берген сұхбатында өзіне лайықты салмақ дәрежесін табудың қиындығы туралы айтып берді, деп жазады Vesti.kz.

«Мен өзімнің рингтағы салмағымды таба алмай жүрмін. Азия чемпионатында көріп келдік, онда рингта өзімді ауыр сезіндім. Қайрат ағайға (Қайрат Сәтжанов — құраманың бас бапкері) да айттым, ол «байқап тұрмын» деп жауап берді. Азия чемпионатында 103 келі болып шықтым, енді 98-99 келіге түсуді жоспарлап отырмын.

Негізі рингқа шыққан кезінде, өзінді жақсы сезіну маңызды, себебі 100-200 грамм артық салмақтың да рөлі бар. Қазір аса ауыр салмақтағы боксшылар арасында мен ең кішкентаймын, алдында жартылай финалда өзбек қарсыласыммен жұдырықтастым, ол менен 22 келі ауыр болды. Алайда бапкерлер маған «сен қарсыластарыңды ақыл және жылдамдықпен жеңесін, олармен күшіңді салыстырып керегі жоқ» деп айтады», — деді Айбек.

фото:©ҚБФ

https://kaz.vesti.kz/boxing/200-grammnyin-rol-bar-aybek-oznen-22-kel-auyir-ozbekpen-29888/

Comments (0)
Add Comment