2 жасар қыз кіржуғыш машина ішінде қыстырылып қалды

Оралда 2 жасар қыз кіржуғыш машинаның барабанына қыстырылып қалды, деп хабарлады turkystan.kz БҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 17 шілде күні түстен кейін М.Жүнісов көшесіндегі 184-үйде болған.

«Сағат 14.20-да 112 пультіне қыз баланың жартылай автоматты кіржуғыш машинаның барабанына қыстырылып қалғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2021 жылғы қызды арнайы құралдардың көмегімен машина барабанынан шығарып, ата-анасына табыстады. Сәбиге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жұмыс сағат 15.00-де аяқталды. БҚО ТЖД ата-аналарға кішкентай балаларын қараусыз қалдырмау керектігін еске салады», – деп хабарлады ведомстводан.

https://turkystan.kz/article/228070-2-zhasar-kyz-kirzhugysh-mashina-ishinde-kystyrylyp-kaldy/

Comments (0)
Add Comment