19 күн қалды: Салық қызметкерлері халыққа ескерту жасады

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеуі 2023 жылдың 1-сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізілетінін еске салды деп хабарлады turkystan.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Комитет мәліметінше, көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында есептеуге болады.

Сонымен қатар салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшаның пайдаланушыларына PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберілетін болады.

Есептелген салық сомаларын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының «Электронды сервистер» – «ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінде, сондай-ақ «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшасында көруге болады.

https://turkystan.kz/article/216296-19-kun-kaldy-salyk-kyzmetkerleri-halykka-eskertu-zhasady/
Comments (0)
Add Comment