Үш тілде оқытуға көшу бойынша өткен оқу жылында облыс бойынша 45 мектепте биология, химия, физика, информатика пәндері ағылшын тілінде жүргізілсе, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 185 мектепте осы пәндер ағылшын тілінде оқытылады, деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда аталған пән мұғалімдерінің 34,7 % (888 педагог) курстардан өтті. Бұған қоса маусым айында аудандар мен Тараз қаласында физика, химия, биология, информатика пәндерінен сабақ беретін 220 педагог жергілікті бюджет есебінен «Ұстаз» орталығы мамандарының ұйымдастыруымен ағылшын тіліндегі курстардан өтті. Бұл орталық бір жыл бойы осы мұғалімдерді толығымен қолдап, үйретіп, нақты көмек көрсететін болады.