Түркістан облысының тұрғыны 15 жастағы қызды алып қашқан. Полиция осы іс бойынша тергеуді бастады деп хабарлады turkystan.kz.
«Шымкент тұрғынының кәмелетке толмаған қызын үйлену мақсатында алып қашқаны туралы арызы бойынша, Жетісай ауданының полициясы ҚР ҚК-нің 122-бабымен «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Анықталғандай, қыз танысына тұрмысқа шыққан. Алайда, анасы келіспей, қызды жас жігіттің үйінен Шымкентке алып кеткен», – делінген ПД хабарламасында.
Сараптама тағайындалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Істі Түркістан облысы ПД бақылауына алған.
https://turkystan.kz/article/211509-15-zhastagy-kyzdy-alyp-kashu-isi-tergeu-bastaldy/