15 шілдеде қаладағы саябақтар мен қоғамдық орындарда мәдени-спорттық іс-шаралар өтеді

«Жастар» аллеясында «Жастар келсе іске» уақытты тиімді пайдалану тимбилдинг ойындары сағат 19:00-де басталады.
Қ.Рысқұлбеков саябағының кіші футбол және баскетбол алаңшаларында бұқаралық спорттық іс-шаралар (асық ату, арқан тарту, гір тасын көтеру, кіші футбол және баскетбол) өтеді. Спорттық шаралар сағат 19:00-де басталады.
Абай атындағы орталық кітапхана алдында 15 шілде күні сағат 19:00-де «Өнегелі құндылықтар» атты кітап көрмесі өтеді.
Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің алдында «Сенбілік кеш» атты концерттік бағдарлама өтеді. Концерт сағат 19:00-де басталады.
Comments (0)
Add Comment