Фото: polisia.kz
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, Suncar Smart Qorgau жүйесі жол қозғалысы кезінде бірнеше рет жылдамдықты асырған ВАЗ-2112 автокөлігін анықтаған. Көп ұзамай полицейлер жүргізушіні тоқтатты.
«Жүргізуші 19 жастағы Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Бес күн ішінде жылдамдықты 33 рет асырған. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,5 миллион теңге болды. Жүргізуші айыппұл сомасының 50 пайызын төлеп, қарызды оңайлатылған тәртіппен өтеуіне болады», – делінген полиция хабарламасында.
Қазір көлік арнайы тұраққа жөнелтілді.https://stan.kz/15-tenge-ayippyl-salindi-oral-tyrgini-bes-kunde-33-ret-388262/