Осы жылдың 6 айы ішінде жұмыспен қамту бойынша уәкілетті органға 1 410 сарысулық өтініш білдірген, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.
Нәтижесінде, ауданда жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 1 150 адам қамтылып, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 319 адам жолданған.
Сондай-ақ, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 108 жас маман, «Әлеуметтік жұмыс орындарын» ұйымдастыру бағытында жыл басынан 81 жұмыссыз азаматтар уақытша жұмысқа орналасты.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жыл басынан бері 244 адам жолданып, тұрақты жұмыспен 41 адам қамтылған.
Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіндегі ақпарат бойынша, ауданда ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың саны 937-ні құраған.