Тау тұлға тағылым төрінде

Жуырда  Шу қалалық Мәдениет үйінде Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының бизнеспен кесдесулері өтті. Билік пен бизнес арасындағы көпірге айналған «Атамекен» бұл жиында да кәсіпкерлердің мәселесін тыңдады.Сонымен қатар, Шу ауданы филиалында 2019 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесі тыңдалды. Басқосуға облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қаржауов Олжас Есалханұлы, Шу аудандық филиалының директоры Иса Рауан Үмбетұлы және жергілікті атқарушы органдар қатысты.

Соңғы жылдары облыста шағын несие көлемі 2,5 есеге артқан. Шу ауданы филиалының директоры Рауан Исаның айтуынша, 2019 жылы 107 жоба жалпы сомасы 391 млн. теңгеге қаржыландырылды. «Бастау» жобасы бойынша 535 тыңдаушы және «Жас кәсіпкер» жобасында 68 тыңдарман оқып, 320 млн. теңгеге қол жеткізді. Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар, көпбалалы аналар, жұмыссыз жүрген жандар бар.

(Өз тілшіміз).

Comments (0)
Add Comment