«104 шаршы метр»: Абай Бегейдің 16 жастағы қызы танымал блогерлердің пәтерін сатып алды

Олар Алматыда танымал блогер Айгерім Әбілқадірова мен әнші Әділдің пәтерін сатып алғаны белгілі болды.

Әнші Абай Бегейдің бірнеше ай бұрын тұрмысқа шыққан 16 жастағы қызы Сымбат Абайқызы үйлі болды.

Олар Алматыда танымал блогер Айгерім Әбілқадірова мен әнші Әділдің 3 бөлмелі пәтерін сатып алғаны белгілі болды.

«Біз үйлі болдық. Аллаға сансыз шүкір! 104 шаршы метр, 3 бөлмелі пәтер иелері атандық. Негізі Мұстафаның үйленерге дейін Алматыда 1 бөлмелі пәтері болды. Бас екеу болған соң ол үйге сыймай үлкен үй алайық деген шешімге келіп, міне, бүгін сол арманымызға жетіп жатырмыз. Бұл үйді де 1 күннің ішінде іздеп, тауып, бүгін көшіп жатырмыз», — деп жазды Сымбат Абайқызы.

фото: instagram
https://turkystan.kz/article/252570-104-sharshy-metr-abai-begeidin-16-zhastagy-kyzy-tanymal-blogerlerdin-p-terin-satyp-aldy
Comments (0)
Add Comment