08info.kz
ақпарат агенттігі
08info.kz
1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЖАҢА ТАЛАП! ҮЙІҢІЗДІҢ АЛДЫНДАҒЫ 5 МЕТР ҮШІН ДЕ ЖАУАП БЕРЕСІЗ!
By
Админ
on 27.07.2026
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда абаттандыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Енді жеке үй мен коммерциялық нысан иелері өз аумағымен қатар, үйінен 5 метрге дейінгі аумақтың тазалығына да жауапты.
Нені білу маңызды?
5 метрлік іргелес аумақты таза ұстау міндетті;
Қоқыс, арамшөп, қар мен мұзды уақытылы тазалау қажет;
Құрылыс қалдықтарын тек арнайы орындарға шығару керек;
Үйдің нөмірі көрініп тұруы, қоршау мен қасбет күтіп ұсталуы тиіс.
Ережені бұзған жағдайда:
Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін – 20 АЕК мөлшерінде айыппұл;
Ортақ аумақты ластағаны үшін – 10 АЕК немесе қоғамдық жұмыс;
Қайталанса, жаза күшейтіледі.
Ең маңыздысы: Егер үйіңіздің алдындағы 5 метрлік аумаққа қоқысты басқа адам тастап кетсе де, оны тазалау міндеті меншік иесіне жүктеледі.
Тазалық – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз! Өз ауламызды ғана емес, айналамызды да таза ұстайық!
Жамбыл Ақпарат
Жаңалықтар
Share
Related Posts
Халық жаппай доллар сатып алып жатыр
Астанада бір жасар сәбиден туберкулез анықталды
Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел экономиканың әртүрлі салаларында еңбек етуде
Зейнетақы жинақтарына қатысты күтпеген өзгеріс
8 ай ғарышта болған халықаралық экипаж Қазақстан аумағына қонды
Өзбекстан — Түркістан: Екіжақ бірлескен турпакеттер әзірледі
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындардың сұрақтарын тыңдады.
Comments
(0)
Add Comment