1 миллионнан астам қазақстандық несиесінен құтылуы мүмкін

Қазақстанда 1,1 млн адам банкроттық туралы заңның көмегіне жүгініп, несиесінен құтылуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты деп хабарлады Turkystan.kz Айқынға сілтеме жасап.

«Бүгінде (банкроттық туралы – авт.) заңның көмегіне жүгінетін адамдардың саны 1 млн 170 адамға дейін жетуі мүмкін. Оның ішінде, 31 мың адам сот процедурасымен өзін банкрот деп тануы ықтимал. Сондай-ақ арнайы әлеуметтік төлем алатын 37 мың адам  осы заңның аясында банкрот деп танылуы мүмкін. Бұл процедураға жүгіну-жүгінбеу азаматтың өз еркінде. Біз қарызы бар адамдарға сотқа барыңыз деп үгіттей алмаймыз. Ол әр азаматтың салмақты ойланып қабылдаған шешімі болуға тиіс. Себебі  оның үлкен салдары бар», – деді вице-министр Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Айта кетсек, бүгін Сенат банкроттық туралы заң жобасын қабылдады.

https://turkystan.kz/article/208855-1-millionnan-astam-kazakstandyk-nesiesinen-kutyluy-mumkin/

Comments (0)
Add Comment