1-қазан күні ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Қала күніне орай 1-қазан күні ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі бұрынғысынша орталық алаңда өтеді. Бұл бастама тұрғындардың өтініші негізінде жасалып отыр. Бұған дейін жәрмеңке «Grand Bazaar» сауда орталығында ұйымдастырылған.
Жәрмеңкеде облысымыздың 10 ауданы мен Тараз қаласының 180 мың келіге жуық өнімі ұсынылады. Атап айтқанда, ет өнімдері (жылқы, сиыр, қой, құс) 18 мың келі, сүт өнімдері 2 600 келі, жұмыртқа 6 мың дана, макарон өнімдері 4 мың келі, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері 129 мың келі, т.б.
Ауылшаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылатын жәрмеңкеде барлық азық-түлік тауарлары нарық бағасынан 10-15%-ға төмен бағада ұсынылады.

Тараз қаласының әкімдігі

Comments (0)
Add Comment