Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастарды «Қазіргі заманның нағыз батырлары» деп атады

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесуде мемлекет тарапынан барша дарынды жастарға әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ жастардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін барынша жағдай жасалатынын жеткізді.
Ол білімді, зияткер ұрпақ қана жаһандық бәсекеде елдің алға шығуына жол ашатынын айтты.
– Білім мен ғылым, инновация мен озық технология – бүгінгі дәуірдің басты қаруы. Жаһандық бәсекеде білімді, зияткер елдер ғана алға шығады. Сондықтан мен сіздерді «Қазіргі заманның нағыз батырлары» деп санаймын. Мен қазақ жастарының отаншыл, білімпаз, еңбекқор болғанын қалаймын. Олар елге жанашыр, табиғатқа қамқор, нағыз адал азамат болуын тілеймін. Атап айтқанда, еріктілердің еңбегін жоғары бағалаймын, қолдаймын. Мен жастарға сенемін! – деді Мемлекет басшысы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың талантын шыңдап, білім берген ұстаздар қауымына алғыс айтты.
Comments (0)
Add Comment