Заң шығару процесі қалай өзгереді: Парламенттен Құрылтайға көшудің жаңа ережелері бекітілді

Қазақстан депутаттары елдің жаңа Конституциясы мен «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының нормаларына сәйкес әзірленген Құрылтай Регламентін қабылдады. Жаңа құжат Құрылтай депутаттарының қызметін реттеп, оның жұмысын ұйымдастыру тәртібін бекітеді.

Құрылтайдың бір палаталы моделін және оның конституциялық өкілеттіктерінің жаңа жүйесін ескере отырып, отырыстарды өткізу тәртібі біріздендірілді, ал терминология толықтай жаңартылды. Құжат бойынша заң жобаларын қараудың үш кезеңді моделі белгіленді: бірінші оқылымда тұжырымдама талқыланса, екіншісінде түзетулер, ал үшінші оқылымда түпкілікті редакция қаралады.

Сонымен қатар жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесімен өзара іс-әрекет жасау тәртібі жеке регламенттелді. Оның өкілдері өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша отырыстар мен тыңдауларға қатыса алады. Сондай-ақ депутаттық әдеп қағидалары мен Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі де айқындалды.

Бұған дейін Мәжіліске енгізілген заң жобаларын Құрылтай жаңа Регламент бойынша қарауды жалғастырады. Бұл Парламенттің екі палаталы моделінен бірыңғай Құрылтай қызметіне көшу кезінде заңнамалық процестің үздіксіздігі мен құқықтық сабақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Qaz365.kz.

Құрылтайдың баспасөз қызметі

Comments (0)
Add Comment