«Үйіңді көрсетпе деді»: Мақпал Жүнісова күйеуге шығу туралы айтты

Танымал әнші Мақпал Жүнісова құрылысы біткен үйінің алдын сыпырып жүріп, қазіргі жастардың жұмысқа қыры жоқ екенін айтты.

Өнер иесі ата-анасы жастайынан еңбекке баулығанын айтады.

«Шешеміз екі аяғымызды бір етікке тығатын. «Ей қыз, тұр орныңнан» деп айтқанда жүгіріп кететін едік. Содан жаман болған жоқпыз. Қазіргі жастар тез шаршап қалады. 4-5 кесе мен 2-3 тәрелке жуса, шаршайды. Баяғыда әке-шешеміз жастайымыздан еңбекке баулушы еді. Қазіргі жастарды «жалғызым, демалсыншы, шаршап қалмасыншы» деп шығады», – деді Жүнісова.

Әнші жөндеу жұмыстары жасалған үшқабатты үйін көрсете алмайтынын айтты.

“Шешем тіл-көз бар, үйіңді көрсетпе” деді, сол үшін көрсете алмаймын. Бірақ толық аяқталды. Күйеуге шығу туралы айтсам, еңбекқор адам болып жатса көрерміз. Бір жатыпішер кездеспесе болғаны”, – деп жазды халық әртісі.

https://buginmedia.kz/735/yi-di-k-rsetpe-dedi-ma-pal-zh-nisova-k-yeuge-shy-u-turaly-aytty?fbclid=IwY2xjawG9Ha9leHRuA2FlbQIxMQABHb7q6RXMLPBTfK21Gl1vyoA3kaF_2CB29AMguxBAccK9hDFeWcSwBe5I8A_aem_UlHuL55d7_JwSGJIKkBMFQ
Фото: YouTube
Comments (0)
Add Comment