Ұшақтар Гвалиор қаласындағы әуе базасынан ұшқан. Кейін олар Морена қаласы маңында апатқа ұшыраған. Оқиға орнына құтқарушылар жеткен.
Cу-30 истребителінің бортында екі ұшқыш, ал Mirage 2000-ның ішінде тек бір ұшқыш болған.
Үндістан Қорғаныс министрлігіндегі агенттік дереккөзі зардап шеккен екі ұшқыш табылғанын, олардың өміріне қауіп төніп тұрмағанын хабарлады. Үшінші ұшқыш тұрған жерге әскери әуе күштерінің тікұшағы ұшып шықты.
Үндістандағы әскери әуе күштерінің басшылығы оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрды. Сарапшылар апаттың себебі мен ұшақтар әуеде соқтығыспады ма деген сұраққа жауап іздейді
https://stan.kz/undistanda-aue-kushterinin-eki-yshagi-apatka-yshiradi-376850/