«Республика күні – елдігіміздің белгісі»

49

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде ақпараттық-түсіндіру сабағы өткізілді
2026 жылғы 15 қазанда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде Республика күні ұлттық мерекесіне орай шаруашылық қызмет көрсету жасағында қалдырылған сотталғандармен «Республика күні – елдігіміздің белгісі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру сабағы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, Қазақстан Республикасының тарихына, мемлекеттік рәміздеріне және ұлттық құндылықтарына деген құрметін арттыру, сондай-ақ азаматтық жауапкершілік пен ел болашағына деген саналы көзқарасын қалыптастыру.
Сабақ барысында Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу жолы, Республика күнінің тарихи маңызы, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен даму бағыттары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның мән-маңызына тоқталып, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің ел дамуындағы рөлі түсіндірілді.
Осындай тәрбиелік және ақпараттық іс-шаралар сотталғандардың құқықтық және азаматтық сана-сезімін арттыруға, патриоттық рухын нығайтуға, қоғамға оң көзқарасын қалыптастыруға және әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.
Республика күні – мемлекеттілігімізді дәріптейтін, тәуелсіздігімізді нығайтатын және ел бірлігін айшықтайтын маңызды мереке.

Leave A Reply

Your email address will not be published.