«AQ-DALA – 2026»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТАШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

41
Түркістан облысында дүниежүзілік мақта күніне орай «AQ-DALA – 2026» салтанатты іс-шарасы өтті. Отырар ауданындағы «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС мақта алқабында өткен іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, өңір тұрғындары мен еңбек адамдары қатысты.
⤵️Салтанатты шарада облыс басшысы Нұралхан Көшеров көпшілікті мерекемен құттықтап, ауыл шарушылығы саласындағы жетістіктерге тоқталды.
🔰– Түркістан облысы үшін мақта – негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының бірі. Оны өсіру, жинау және өңдеу мыңдаған тұрғынның еңбегімен байланысты. Сондықтан ақ алтынның қадірі, ең алдымен, оны өсірген адамның еңбегімен өлшенеді. Біздің мақсатымыз – мақтаны өсірумен шектелмей, одан түсетін табыстың көбірек бөлігін өз өңірімізде қалыптастыру. Жалпы аграрлық салаға шетелдік инвесторларды тартып, олардың озық технологиялары мен өндірістік тәжірибесін өңірімізге әкеліп жатырмыз. Ендігі міндет – осы тәжірибені өзіміз толық меңгеру. Инвестицияның нәтижесін біз тұрақты жұмыс орындарынан ғана емес, өзімізде қалыптасқан білікті кадрлар мен бәсекеге қабілетті дайын өнімнен де көретеміз. Сіздердің жетістіктеріңіз – бір күннің емес, жылдар бойғы адал еңбектің нәтижесі. Ақ алтынды өсіріп, туған жердің берекесін арттырып жүрген баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Егін бітік шығып, әр маусым қуаныш пен молшылық әкелсін! – деді Нұралхан Оралбайұлы.
🔰Сондай-ақ іс-шара барысында облыс әкімі бір топ озат еңбеккерге ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін, «Ауыл шаруашылығы үздігі» төсбелгісін табыстап, үздіктерді «Құрмет» грамотасы және Түркістан облысы әкімінің мақта шаруашылығының үздігі дипломымен марапаттады.
🔰Түркістан облысы – еліміздегі мақта дақылын өсіретін жалғыз өңір. Өңірде мақтаны өсіруден бастап оны өңдеу, жіп иіру және дайын тоқыма өнімдерін шығаруға дейінгі толық өндірістік тізбек қалыптасып келеді. 2030 жылға дейін облыста жалпы құны 212,6 млрд теңгені құрайтын 5 кластер іске асырылады. Нәтижесінде жылына 229,5 мың тонна дайын өнім өндіріліп, 7 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Leave A Reply

Your email address will not be published.