Ақсай өндірістік бөлімшесі вегетациялық кезеңді толық аяқтады

67
«Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалына қарасты Ақсай өндірістік бөлімшесі 2026 жылғы вегетациялық кезеңді толық аяқтап, ендігі кезекте су арналарының механикалық тазалау жұмыстарына кірісті.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен берілген арнайы техникалар бүгінде тазалау жұмыстарына жұмылдырылған.
📍 Қазіргі уақытта Ақсай арнасында жалпы ұзындығы 6 шақырымды құрайтын механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 1,5 шақырым арна тазартылды. Алдағы уақытта жұмыстарды Көксай арнасында жалғастыру жоспарлануда.
Аталған жұмыстар су арналарының су өткізу қабілетін жақсартуға, оларды келесі вегетациялық кезеңге дайындауға және су шаруашылығы инфрақұрылымының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа техникалардың көмегімен мамандар жұмыстарды жүйелі әрі қарқынды жүргізуде.
Leave A Reply

Your email address will not be published.