Месси мен Роналду «Алтын допсыз» қалды

663

Испанияның «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси мен Италияның «Ювентус» командасының футболшысы Криштиану Роналду 10 жылдан кейін тұңғыш рет «Алтын допқа» үміткерлер қатарына енбей қалды, деп жазады британдық The Sun сайты.

Британиялық сайттың жазуынша, дауыс беру процесі әлі жүріп жатыр. Деген­мен, екі футболшының «Алтын допқа» үміт­кер ТОП-3 үздіктің қатарына енбей қал­ғаны әлеуметтік желіде тарап кеткен. Мамандар Месси мен Роналдудың үміт­керлер тізіміне енбей қалуын Ресей­де өткен әлем чемпионатында көзге түс­­­пеуіне байланысты екенін айтады. Фран­­циялық журналист Эрик Мамру­та­ның сөзіне қарағанда, аталған сыйлыққа басты үміткерлер тізімінде «Реалдың» жар­тылай қорғаушысы Лука Модрич пен оның коман­даласы Рафаэль Варан және Килиан Мбаппе бар (ПСЖ).

Еске сала кетейік, Роналду мен Месси соңғы он жылда «Алтын допты» бес-бес­тен иеленген болатын. Оларға дейін бұл сыйлықты 2007 жылы бразилиялық футболшы Кака («Милан) алған.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.